Қазақстандықтар Сириядағы соғыстық қимылдарына қатысқаны үшін сотталды

Бүгiн, 12:44
138
Бөлісу:
Қазақстандықтар Сириядағы соғыстық қимылдарына қатысқаны үшін сотталды
Фото: -архив

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.

Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.

Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы), - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы