Қазақстандықтар қандай вакцинаны көп салдырғаны белгілі болды

1 Ақпан 2022, 15:39
1392
Бөлісу:
Қазақстандықтар қандай вакцинаны көп салдырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айтуынша, пайыздық көрсеткіш жағынан ел тұрғындары «Спутник V» вакцинасын көп салдырған. 

Бұл екпе басқа вакциналар болмаған кезде елімізге ең бірінші болып жеткізілді. Одан кейін біз былтырғы ақпан айының ортасында отандық QazVac вакцинасын қостық. Біз оны азаматтарымызға ұсынғанда екпеге таңдау көп болды. Бүгінгі таңда QazVac-қа да сұраныс көп, - деді комитеттің ресми өкілі. 

Еске сала кетейік, жалпы ел аумағында індетке қарсы вакцинация қарқынды жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, екпемен қамтылуы тиіс ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе халық санының 51,7%-ы бірінші компонентпен, 47,8%-ы екінші компонентпен қамтылған. І компонентті 9,8 млн астам адам, ІІ компонентті 9,1 млн астам адам алып үлгерген. 

Өзгелердің жаңалығы