Қазақстандықтар енді телефон соққан ұйымның атауын көре алады: жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда телефон алаяқтарына қарсы жаңа шаралар енгізіледі

 istockphoto.com 24 Қараша 2026, 12:04
24 Қараша 2026, 12:04
272
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күресу шаралары күшейтіледі. Енді интернетке қол жеткізу және халықаралық IP-телефония қызметтерін көрсету үшін байланыс операторларына лицензия қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, байланыс операторларының Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілген. Сонымен қатар заңды тұлғалардан келетін қоңырауларға арнайы белгі қойылады. Бұл абонентке телефон экранынан қай ұйым хабарласып жатқанын көруге мүмкіндік береді.

Ұялы байланыс нөмірін тіркеу кезінде абонент биометриялық сәйкестендіруден өтуі тиіс. Сондай-ақ мобильді құрылғыларды тексеру тәртібі нақтыланды. IMEI-код арқылы тексеру заңсыз әкелінген және коды қолдан өзгертілген телефондарды анықтауға көмектеседі, – деді Жаслан Мәдиев.

Наверх