Қазақстандықтар азапталғаны туралы материалды арнайы сайтқа жолдай алады

25 Сәуір 2023, 15:37
1913
Бөлісу:
Қазақстандықтар азапталғаны туралы материалды арнайы сайтқа жолдай алады
Фото: Арман Мухатов

Заң ғылымдарының кандидаты, «Expert Independent Researcn Institute» қоғамдық қорының директоры Мирхат Серікбаев азаптауларға ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғаудағы цифрлық құралдар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін елордада «Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрестің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткен болатын.

Қазақстанда азаптау фактілері неліктен қолданылады? Өйткені олар жария етілмейді, жұртшылық олар туралы білмейді. Осы ретте біздің жобамыз цифрлық құралдар арқылы түзеу мекемелерінде бар азаптаулар туралы жұртшылыққа барынша жеткізуге бағытталған. Мұның барлығының басталуына 2022 жылы болған қаңтар оқиғасы себеп болды. Соған жауап ретінде қоғамдық қорымыз заңгерлер, құқыққорғаушылар, IT мамандармен бірлесіп азаптауға қарсы білім беру курсын әзірледік, - деді заңгер.

Ол жобаны әзірлеуге еліміздегі құқық қорғау саласындағы сарапшылар, адвокаттар тартылғанын айтты. Олардың арасында қаңтар оқиғасы бойынша іспен айналысқан адвокаттар бар.

Әзірленген материалдар pytkamnet.kz сайтында жарияланған.

Сонымен қатар pytkamnet.kz сайтының мобильді нұсқасын да жасадық. Ол iOS және Play market-те қолжетімді. Онымен қоса pytkamnet.kz Telegram-боты да жұмыс істейді. Яғни азапталған кез келген адам осы платформаларға факті туралы фото/видео материалдарды жолдай алады. Цифрлық құралдар бізге түскен материалдарды зерделеп, фактінің қайда, қандай түзеу мекемесінде болғанын анықтауға мүмкіндік береді, - деп айтты Мирхат Серікбаев.

Сөзінше, істі сотқа дейін жеткізуге мүмкіндік беретін бұл жобаны әзірлеуге адвокаттар мен заңгерлер көмектескен.

Expert Independent Research Institute қоғамдық қоры – бұл заңтану және адам құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибелі, тәуелсіз құқық қорғаушылар-сарапшылардың командасы. Қор Қазақстан Республикасының әділет органдарында 2019 жылдың 2 қазанында тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы