Қазақстандықтар алтын құйма сатып алуды көбейтті

Қазақстандықтар бір тоннадан астам алтын сатып алған

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 13:22
Бүгiн 2026, 13:22
667
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстандықтар алтын құймаларды сатып алуды жалғастыруда. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылы екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 889,5 кг 27 807 өлшемді құйма сатты.

Өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (20 526 дана, 74%), Астана (1 650 дана, 6%) және Шымкент (1 099 дана, 4%).

2025 жылы ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 т. Халық арасында сұранысқа ие алтын құйманың салмағы – 10 г. Сатылған көлемнен оның жалпы үлесі 26% – 67 833 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 57 847 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%), - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Әрбір алтын құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. 

Банктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, мамандар алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береді.

Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Наверх