Қазақстандықтар алаяқтарға қанша қаражат берген?

6 Наурыз 2024, 14:26
459
Бөлісу:
Қазақстандықтар алаяқтарға қанша қаражат берген?
Фото: pixabay.com

Антикор пара берген және алаяқтық жасаған азаматтарға заң қатаң екенін еске салды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кейбір алаяқ азаматтар өздерін байыту үшін парасатты қазақстандықтардың сеніміне ие болады. Бұған қолда бар фактілер дәлел бола алады. Сондықтан пара бергені үшін ірі айыппұлдардан басқа, ҚР Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, әскери атақтар мен мемлекеттік наградалардан айыра отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделетініне назар аударамыз, - деді агенттіктің ресми өкілі.

Тілеукенов былтыр ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 159 қылмыстық іс болғаннын, оның 40-қа жуығы (37) пара беруге итермелеумен ұштасқанын айтады. Ал оның нәтижесінде 133 адам сотталды.

Республика бойынша алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 14,6 млрд теңгеден асады. Мысалы, 2024 жылғы 1 наурызда Орал қалалық сотының үкімімен азамат Ни алаяқтық жасағаны және пара бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды (еск- үкім заңды күшіне енген жоқ).Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер бергені үшін Орал қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына одан әрі беру сылтауымен жалпы сомасы 7,5 млн теңге азаматтардың ақшалай қаражатын алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы иемденді, - дейді Арман Тілеукенов.

Өзгелердің жаңалығы