Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады

Бөлісу:
Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Наурыз айында Қазақстанда Халықаралық әйелдер күні тойланады, соған байланысты қосымша демалыс күндері болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 8 наурыз сенбі күніне түседі. Демек, 5 күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады. Ал 6 күндік жұмыс аптасында тек 8-9 наурызда ғана демалыс болады, 10 наурыз – жұмыс күні.

Айта кетейік, ресми БҰҰ сайтының мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) әлем бойынша тойланады. Бұл күні әйелдердің жетістіктері ұлттық шекараларға, этникалық, тілдік, мәдени, экономикалық және саяси айырмашылықтарға қарамастан атап өтіледі. 

Халықаралық әйелдер күнін атап өту идеясы алғаш рет ХХ ғасырдың басында, өнеркәсіптік дамыған әлем кеңею мен өзгерістер кезеңін, демографиялық дүмпу мен радикалды идеологиялардың пайда болуын бастан өткеріп жатқан кезде пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы