Қазақстандық жұмысшылардың қай салада көбірек жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы мәлім еткендей, 2025 жылғы IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде: 7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%) 2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%).
Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:
Сауда – 17%;
білім беру – 13,2%;
өнеркәсіп – 12,5%;
ауыл шаруашылығы – 10,3%;
көлік және қойма – 7,2%;
құрылыс – 6,8%;
денсаулық сақтау – 6,6%:
2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты, өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша қала мен ауыл бар екені белгілі болған.