Қазақстандық жүк экспорты 2,7 есе өсті

16 Мамыр 2023, 12:04
680
Бөлісу:
Қазақстандық жүк экспорты 2,7 есе өсті

ТХКБ бойынша қазақстандық жүк экспорты 2,7 есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау оң қарқын көрсетуде.

Тұрақты өсімге ҚТЖ-ның дәлізді дамыту үшін қабылдаған шаралар кешені ықпал етуде. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында ТХКБ бағытындағы тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,7%-ке ұлғайып, 433,2 мың тоннаны құрады. Оның ішінде жиырма футтық баламада (ЖФБ) 4 мыңнан астам контейнер тасымалданды.

2,7 еселік ең үлкен өсім Қазақстаннан экспортқа келді, импорттық тасымалдар 22%-ке артты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және тұтастай алғанда ел үшін ТХКБ әлеуетін ашу бүгінгі таңда басты көлік векторларының бірі болып табылады. Өткен жылы үлкен жұмыс атқарылып, өзгермелі геосаяси жағдай аясында бағдарға жүктеме айтарлықтай өсті.

Мультимодальды бағдар бірқатар елдерді байланыстыратынын және теңіз порттары арқылы жүктерді бірнеше рет ауыстырып тиеуді қажет ететінін түсіну маңызды. Бағдарға қатысушылармен бірлесіп күн сайын инфрақұрылымды жақсарту, кедергілерді жою, дәліздің өткізу қабілетін арттыру және жүктердің қозғалу уақытын қысқарту жөнінде шаралар қабылдануда.

Бүгінгі таңда Қытайдан контейнерлерде томат пастасы, химикаттар мен жабдықтарды Оңтүстік Еуропа мен Түркияға транзитпен тасымалдау жүзеге асырылуда, Қазақстаннан түсті металдар, ферроқорытпалар, жасымық, астық жүктері және т.б. контейнерлерге тиеу жүріп жатыр, - дейді «KTZ Express» АҚ басшысы Қайрат Өтепов.

Дәлізді дамытуға «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші т/ж жолдарын, Ақтау портындағы контейнерлік хабты, Алматы станциясының айналма т/ж желісін салуды қоса алғанда, бағдарда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы