Қазақстандық ЖСН алуға 110 мың ресейлік өтініш берген

21 Шілде 2023, 13:27
5650
Бөлісу:
Қазақстандық ЖСН алуға 110 мың ресейлік өтініш берген
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік Мәжіліс депутаттарының екінші деңгейдегі банктер арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу бойынша сауалына жауап берді.

Олардың мәліметінше, 2022 жылғы 3-тоқсанның соңынан бастап ЖСН алу үшін Ресей Федерациясының азаматтары санының өсуі байқалды. Яғни:

2021 жыл: 172 449 өтініш, оның ішінде 14 791 немесе 8,6% Ресей азаматтары (сенімхат бойынша 333 адам).
2022 жыл: 451 314 өтініш, оның ішінде 280 983 немесе 59,7% Ресей азаматтары (сенімхат бойынша 4 178 адам).
2023 жыл: 142 581 өтініш, оның ішінде 109 852 немесе 61,8% Ресей азаматтары (сенімхат бойынша 2 393 адам).

Сондай-ақ қазақстандықтарға қолайсыздық туғызған Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі тыс жүктемелер мен толып кету проблемасына байланысты Астана, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, Атырау, СҚО және Павлодар облыстарындағы елді мекендерді қоса алғанда, шетелдік азаматтарға ЖСН қалыптастыру бойынша қызмет көрсету үшін қосымша қызмет көрсету нүктелерін ашу жөнінде шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, уәкілетті орган ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің келісімі бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖСН беру жөніндегі уақытша шешім іске асырылды және екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖСН беру жөніндегі қызмет түрі бүгінгі күні атқарылмайды.

Мемлекеттік корпорация Halyk Bank, Jusan Bank, Freedom finance, Банк Центр кредит сияқты банктерге шетелдік азаматтарға ЖСН қалыптастыруға өтінімдерді қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлігінде ынтымақтастық ұсынды.

Өткізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру бастамасын тек Центр кредит Банкі қолдады және Астана, Алматы, Орал қалаларындағы банк бөлімшелерінде жұмыс орындары ұйымдастырылып, қабылдауды жүзеге асырған қызметкерлер анықталды. Бұл ретте, іске қосылғаннан бері банк филиалдары арқылы 5 680 өтініштер қабылданып, 4 521 ЖСН берілген.

Құжаттарды қабылдау Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №258 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына, сондай-ақ Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Қағидаларға сәйкес, ЖСН-ға өтінім берілетін ұйымға қарамастан, өтінішті қарауды және шешім қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырды.

Банктер шетелдік азаматтарға ЖСН беру немесе қалыптастырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жоқ, Мемлекеттік корпорацияның деректері бойынша құжаттарды қабылдау бойынша талаптарды бұзу фактілері жоқ.

Бұл ретте, ЕДБ қосымшалары арқылы электронды форматта шамамен 16 мемлекеттік қызмет пен сервис көрсетіледі (тек 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4,3 млн. қызмет көрсетілген), бұл «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (18-баптың 6-тармағы) талаптарына толық сәйкес келетінін атап өткен жөн, сондай-ақ азаматтардың ХҚКО бару тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңға сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр.

Оның мақсаты сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде және мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді сақтау болып табылады.

Шын мәнінде, ЖСН-нің болмауы заңсыз әрекеттер мен алдаудың артуына ықпал етуі мүмкін, өйткені шетелдік тұлғалардың әрекеттерін қадағалау және бақылау қиынырақ болады.

Бұл ретте ЖСН болуына/болмауына қарамастан шетелдік азаматын сәйкестендіру оның ұлттық паспорты немесе заңнамада белгіленген өзге де құжат негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Яғни, банк карточкасын алған кезде банк қызметкері клиентті ақпараттық жүйелерде есепке алу мақсаттары үшін талап етілетін ЖСН бойынша емес, оның жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша сәйкестендіреді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Заңның 9-бабының 6-тармағына сәйкес ЖСН бір рет беріледі (Құжаттарды (ЖСН-ні қамтитын) қайта және кейіннен беру кезінде бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разряды оны есептеу алгоритміне сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, жаңа жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейді).

Бейрезиденттер Қазақстан аумағынан шыққан кезде ЖСН шартты түрде алынып тасталады, ал қайта кірген кезде жаңа ЖСН қалыптастырусыз қайта іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы