Қазақстандық Жәмила Бақбергенова күрестен әлемдік рейтингіде көш бастады

Жәмила Бақбергенова UWW тұжырымы бойынша еркін күрестен 2023 жылдың қорытынды рейтингінде 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 Қаңтар 2024 2024, 03:22
АВТОР
 видеодан кадр 1 Қаңтар 2024 2024, 03:22
1 Қаңтар 2024 2024, 03:22
1193
Фото: видеодан кадр

Жәмила Бақбергенова UWW тұжырымы бойынша еркін күрестен 2023 жылдың қорытынды рейтингінде 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәмила спорттық карьерасында үшінші рет Азия чемпионатында жеңіске жетсе, ал қыркүйекте Сербияда өткен әлем турнирінде қола жүлдені жеңді.

Бақбергенова қазан айында Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Рейтингідегі ұпай спортшылардың әлем чемпионаттарына, құрлықтық турнирлерге, Азия ойындарына, Панамерикандық ойындарға және төрт рейтинг сериясына қатысқаны және алған орны үшін беріледі.

Наверх