Қазақстандық велошабандоз Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова велотрек жарысы - омниумнан Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алды.

 21 Маусым 2022 2022, 03:28
21 Маусым 2022 2022, 03:28
1798

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова велотрек жарысы - омниумнан Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алды.

ҚР велоспорт федерациясы атап өткендей, Қазақстан велоспорты тарихында Ринатаға дейін бір де бір спортшы омниумнан Азия біріншілігінің жеңіс тұғырына көтеріліп көрген емес.

Ол игерген нәтиже спортшының әлемдік рейтингтің үздік ондығынан орын тебуге мүмкіндік береді, осылайша Рината алда Парижде өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу сынына жолдаманы әзірден қанжығасына байлап үлгерді.

 

Наверх