Қазақстандық теннисші жұптық сында АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

20 Ақпан 2022, 11:10
1436
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші жұптық сында АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Делрэй Бич (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге Флорида штатындағы жарыста үшінші ракетка болып тіркелген. Қазақстандық-пәкстандық жұп жартылай финалда корт иелері Алекс Лоусон – Роберт Гэллоуэйді 6:3, 6:7 (5:7), 10:4 есебімен тізе бүктірді. 

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. 

Қарсыластары 6 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. Енді Недовесов пен Куреши дүйсенбіге қараған түні финалда турнирдің 1-ракеткалары Марсело Аревало (Сальвадор) – Жан-Жюльен Ройермен (Нидерланды) бас жүлдені сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогы іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы