Қазақстандық таеквондошы Моңғолиядағы Азия чемпионатында қола жүлде алды

Самирхон Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

 ҚР ҰОК Бүгiн 2026, 19:14
Бүгiн 2026, 19:14
112
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Самирхон Абабакиров Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан мәліметке сәйкес, спортшы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Бұл кезеңде ол ирандық спортшы Махди Хаджимусаимен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте ирандық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Абабакиров жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жалғыз жетістігі емес. Бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмутова (73 келіге дейін) және Эльдар Бирімбай (74 келіге дейін) де қола жүлдеге ие болған еді.

Наверх