Қазақстандық спортшы допинг қолданды деген күдікке ілінді

8 Сәуір 2023, 11:06
1196
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы допинг қолданды деген күдікке ілінді
Фото: www.championat.com

Жеңіл атлетикадан қазақстандық әлем чемпионы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Vesti.kz-тің ақпаратына сүйенсек, желаяқ қыз тыйым салынған затты қолданғаны туралы күдік бар.

Жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күресетін тәуелсіз орган (AIU) 27 жастағы спортшыны жарыстарға қатысудан уақытша шеттетті.

Оған тыйым салынған субстанцияны (АВР) қолданды деген айып тағылып отыр.

Джеруто 2022 жылы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан қатысу құқығын иеленген болатын. Кениялық спортшылар өз елдерінде жоғары бәсекелестік пен үкіметтің халықаралық старттарға қатысуға шектеу қоюы себепті басқа мемлекеттің атынан шығуды қалыпты жағдайға айналдырған.

2022 жылы Американың Юджин қаласында өткен әлем чемпионатында Нора 3000 метр кедергіден жүгіру бойынша екі эфиопиялық қарсыласын шаң қаңтырып, жеңімпаз атанды. Джеруто 8.53,02 қашықтықты бағындырып, рекорд орнатты.

Өзгелердің жаңалығы