Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинады.
Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.
Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтыны.