Қазақстандық шекарашылар жүк көлігінен заңсыз мигранттарды анықтады

Ақтөбе облысындағы "Жайсан" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз көші-қон әрекетінің жолын кесті.

 pexels 14 Мамыр 2025 2025, 22:57
14 Мамыр 2025 2025, 22:57
758
Фото: pexels

Ақтөбе облысындағы "Жайсан" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз көші-қон әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында Ресейге транзитпен жүріп бара жатқан жүк көлігінің ішінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетелдік азамат анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы – "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҰҚК бұл жағдай мемлекеттік шекараны және оның режимін бұзу әрекеттері қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Ведомство шекаралық бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Наверх