Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Ленцерхайде (Швейцария) шаңғы жарысынан «Тур де ски» жарысы өтіп жатыр. Olympic.kz турнирдің екінші кезеңінде классикалық стильде 15 шақырымға жүгіру бойынша жарыс қорытындысын ұсынады.
Қазақстандық спортшылар ішінде ерлер арасындағы бәсекеде Виталий Пухкало үздік нәтиже көрсетті. Виталий тиісті қашықтықты 36 минут 58 секундта бағындырып, 32-орыннан көрінді. Тағы бір қазақстандық спортшы Евгений Величко қорытынды тізімде (38:34,2) 69-шы орынға тұрақтады.
Кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орынды Финляндия өкілі Ииво, екінші орынды Александр Большунов (Ресей) иеленді. Үздік үштіктң Пол Голберг (Норвегия) түйіндеді.
Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық спортшылар ішінде Ксения Шалыгина үздік нәтиже көрсетіп, 72-орынға көтерілді. Оның отандасы Ангелина Шурыга қорытынды хаттамада 79-орынға жайғасты. Кертту Нисканен (Финляндия) кезеңнің жеңімпазы атанды. Екінші орынға Эбба Андерссон (Швеция) жайғасса, Наталья Непряева (Ресей) үшінші орынды иеленді.