Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатының финалына шықты

Отандастарымыз 1/8 финалда команда Түрікменстаннан 45:21 есебімен басым түсті.

 Ұлттық олимпиада комитеті 21 Маусым 2025 2025, 14:28
21 Маусым 2025 2025, 14:28
902
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ерлер құрамасы семсерлесуден финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Команда құрамында ел намысын Елмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғап жатыр.

Отандастарымыз 1/8 финалда команда Түрікменстаннан 45:21 есебімен басым түсті. Одан кейін қазақстандықтар Сингапурды 43:31 есебімен жеңді. Жартылай финалда Қытайды 45:24 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Алтын медаль үшін Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Финал 21 маусымда өтеді.

 

Наверх