Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.

 ҚР ҰОК 29 Қазан 2026, 23:50
29 Қазан 2026, 23:50
142
Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медальға қол жеткізді.

Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Қайша Жәнібек күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол сабля бәсекесінің финалында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Наверх