Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден командалық жарыстардың жартылай финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финал жолдамасы сарапқа салынған додада жерлестеріміз Азия чемпионы Оңтүстік Кореямен кездесті. Өкінішке қарай, тартысты сында кореялықтар жеңіске жетті – 45:41. Енді олар алтын медаль үшін таласады. Ал Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Аталған жарыстарда Қазақстан құрамасынан Мұхамедали Рахманәли, Саттархан Назарбай, Артем Саркисян және Жанат Нәбиев қатысты.
Алдын ала кезеңдерде қазақстандық семсерлесушілер Непал (45:15) мен және Кувейтті жеңді (45:43).
Осылайша қазіргі кезде Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы медаль қоржынында 14 медаль бар: бір алтын, екі күміс және 11 қола.