Қазақстандық қыздар шахмат олимпиадасында Франция құрамасынан басым түсті

21 Қыркүйек 2024, 00:48
458
Бөлісу:
Қазақстандық қыздар шахмат олимпиадасында Франция құрамасынан басым түсті
Фото: baq.kz

Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші олимпиада жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер сайысында қазақстандық қыздар 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Францияны (2355, № 13) 2,5-1,5 есебімен жеңді. Атап айтқанда, Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді. Алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады.

Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):

1️. Польша – 14 ұпай

2️. Үндістан – 14 ұпай

3️. Қазақстан – 14 ұпай

4️. АҚШ – 13 ұпай

5️. Армения – 13 ұпай

Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.

Өзгелердің жаңалығы