Қазақстандық қос спортшы бокстан Thailand Open халықаралық турнирінің финалына жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық қос спортшы бокстан Thailand Open халықаралық турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

 8 Сәуір 2022 2022, 16:30
8 Сәуір 2022 2022, 16:30
1609

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық қос спортшы бокстан Thailand Open халықаралық турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық дербиде 91 келі салмақта Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайды жеңіп, финалға шықты.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов та қазақстандық финалистер санынын арттырды. Ол жартылай финалда жергілікті спортшы Ружакран Джунтронгты 3:2 есебімен ұтты.

Ал 75 келіде сынға түскен Аятолла Тәкіжанов үндістандық Сумиттиге есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты. 

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алса, екі спортшы қола жүлдені еншіледі.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де кешкі сессия басталады. Қазақстан сапынан үш спортшы бақ сынайды:

63 келі: Санатәлі Төлтаев - Сұлтан Мусинов

69 келі: Асланбек Шымбергенов - Атичай Фомсап (Таиланд)

Наверх