Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі. Олар пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда құрамына бес спортшы кірген. Олар - Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.
Айта кетелік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де бастаады.
Пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Бейжің ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады.