Қазақстандық пара-спортшы World Boccia Challenger турнирінде қола медаль жеңіп алды

15 Мамыр 2024, 15:37
286
Бөлісу:
Қазақстандық пара-спортшы World Boccia Challenger турнирінде қола медаль жеңіп алды
Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

Бұл туралы Сенат төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бүгін Қазақстан Бочча Федерациясы үшін тарихи күн! Қазақстандық пара-спортшы Қуаныш Асқарбеков Финляндияда өткен беделді халықаралық World Boccia Challenger турнирінде қола медаль жеңіп алды! Бұл халықаралық деңгейдегі жарыстағы алғашқы жеңісіміз, - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, бұл жетістік – Қуаныш көрсеткен қажырлы еңбектің, табандылықтың, зор ерік-жігердің жемісі. 

Қуаныш өзіңе сеніп, мақсатыңа қарай нық қадам бассаң, мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеді. Спортшыны дайындап, осындай биіктерге жетуіне себепкер болған жаттықтырушы Данел Уалбайға да ерекше алғыс айтамыз. Қуанышты құттықтап, алдағы жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз! - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы