Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста 2-орын алды

11 Шілде 2024, 10:21
245
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста 2-орын алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар ISPHO Халықаралық ғылыми олимпиадасында бес жүлделі орынды жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ханты-Мансийскіде ISPhO-2024 физикадан халықаралық ғылыми олимпиада өз мәресіне жетті. 

Байқау нәтижесінде қазақстандық оқушылар бес жүлде, оның ішінде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 17 қатысушы елдің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді, - делінген хабарламада.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

1-орын: Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;

1-орын: Досжан Бисимби — Алматы қаласы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

2-орын: Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі;

2-орын: Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының түлегі;

3-орын: Илияс Қазымбек — Астана қаласы РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Самат Мақсұтов – PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов – CDU магистрі.

Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста 2-орын алды
Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста 2-орын алды
Өзгелердің жаңалығы