Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар Америкадағы олимпиадада жеңімпаз атанды

Бүгiн, 20:45
145
Бөлісу:

Халықаралық NeoScience Olympiad және Coding Olympiad Grand Final сайысы АҚШ-тың Майами–Орландо (Флорида штаты) қалаларында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған халықаралық жарысқа елімізден 17 оқушы қатысты.

22 елден 400-ге жуық оқушы бақ сынаған халықаралық олимпиадада оқушыларымыз топ жарды.

Олимпиадаға іріктеу онлайн өткізілді. Main Team Organisation ұйымдастыруымен, АҚШ елінде финал болды. Елімізден барған команда ерекше белсенділік танытты. Жүлделі орындар иемденіп, Қазақстанның абыройын халықаралық деңгейде асқақтатты.

Айта кетейік, Neo Science and Coding Olympiads — оқушылар мен жастардың ғылым, технология және бағдарламалау салаларына қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған заманауи халықаралық олимпиада. Ол XXI ғасырдың талаптарына сай, яғни STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағыттарын дамыту үшін ұйымдастырылған.

Олимпиаданың пайда болуына цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, бағдарламалау мен логикалық ойлауға сұраныстың артуы, болашақ мамандарды ерте жастан дайындау қажеттілігі негіз болды.

Neo олимпиадалары теориямен қатар практикалық тапсырмаларға, код жазу, алгоритм құру, ғылыми ойлау дағдыларына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда ол көптеген елде өткізіліп, оқушылардың халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беріп келеді.

Neo Science and Coding Olympiads — бұл жай ғана жарыс емес, ол болашақ инженерлер мен программистерді тәрбиелейтін, ғылым мен технологияға жол ашатын маңызды білім платформасы. Олимпиада жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, елдің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосады.

Гранд Финал Нью-Йорк не Орландо/Маями (АҚШ) соңғы 5 жылдан бері өтіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы