Қазақстандық оқушы Нидерландта топ жарды

16 Шілде 2024, 03:25
391
Бөлісу:
Қазақстандық оқушы Нидерландта топ жарды
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қазақстандық оқушы Иса Қожасбай Нидерландта өткен білім бәйгесінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнерлі жас дарын ағылшын тілі пәнінен өткен халықаралық олимпиадада жеңіске жетті.

Қазақстандық оқушы Нидерландта топ жарды

Белгілі болғандай, жерлесіміз 6-7-8-сыныптар арасындағы барлық оқушылар арасында алтын және абсолют бойынша үшінші орынды қанжығасына байлады.

Осылайша, үздік үштіктің қатарына ендім. Мен бұл олимпиадада елімнің намысын қорғағанымды мақтан етемін. Әлі талай қазақтың байрағын желбіретемін, - деп ағынан жарылды Иса.

Қазақстандық оқушы Нидерландта топ жарды

Айта кетерлігі, Нидерланд елінде өткен International STEM Olympiad білімділер сайысына бүкіл әлемнен 800-ден астам оқушы қатысып, бақ сынаған.

Өзгелердің жаңалығы