Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық оқушы Испаниядағы білім бәйгесінде топ жарды

16 Шілде 2025, 10:29
859
Бөлісу:
 кейіпкердің жеке мұрағатынан
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қазақстандық оқушы Иса Қожасбай Испания астанасында өткен білім бәйгесінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін де халықаралық білім бәйгелерінде ел намысын қорғап жүрген өнерлі жас дарын ғылым мен математика пәнінен өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орынды иеленіп отыр.

Барселонада өткен STEM халықаралық олимпиадасында Иса Қожасбай әлемдегі білімді оқушылар арасынан суырылып шығып, мықтылығын тағы дәлелдеді.

Қазақстандық оқушы Испаниядағы білім бәйгесінде топ жарды

Белгілі болғандай, жерлесіміз 6-7-8-сыныптар арасындағы барлық оқушылар арасында математика пәнінен екінші (silver) орынды және ғылым science бойынша үшінші (bronze) орынды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, олимпиада төрт бағытта: ғылым, технология, инженерлік іс пен математика бойынша өткізіледі.

Қазақстандық оқушы Испаниядағы білім бәйгесінде топ жарды

Биыл тағы да Отанымның намысын қорғап, үздік үштіктің қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Халықаралық білім додаларында елімнің намысын қорғағанымды мақтан тұтамын. Әлі талай қазақтың байрағын желбіретемін, - деп ағынан жарылды Иса.

Айта кетерлігі, Испанияда өткен International STEM Olympiad білімділер сайысы бұл жылы бесінші рет түндігін түрген. Биыл сайысқа бүкіл әлемнің 130 елінен 1700-ден астам оқушы мен 38 мың студент қатысып, бақ сынаған.

Қазақстан атынан Астана, Алматы және Павлодар қалаларынан қатысқан оқушылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • Иса Қожасбай - "Математика" бойынша күміс және Жаратылыстану ғылымдары бойынша қола медальға қол жеткізді.
  • Георгий Ким - "Математика" санатында алтын және жаратылыстану ғылымдары бойынша қола жүлдеге ие болды.
  • Әлішер Ниетқалиев - "Математика" санатында күміс және жаратылыстану ғылымдары бойынша қола жүлдені жеңіп алды.
  • Медина Қайыпова - "Математикадан" қола жүлдені иеленді.
  • Мейірбек Исаев - Жаратылыстану ғылымдары бойынша қоладан алқа тақты.
  • Нұрасыл Рысқұлбеков «Жаратылыстану» санатында алдын ала кезеңде үздік 30 қатысушы қатарына кіріп, финалда «Кодтау» санатынан 1-орын (алтын медаль) жеңіп алды.
  • Арман Әубәкір — «Математика» санатында 1-орын (алтын медаль) иегері.
  • Жәнібек Нұрхамитұлы, Арман Әубәкір және Бижан Ашыяхатов — «Кодтау» санатында 2-орын (күміс медаль).
  • Әлихан Танат пен Нұрасыл Рысқұлбеков — «Кодтау» санатында 3-орын (қола медаль).
  • Айша Темірхан — «Жаратылыстану» санатында 2-орын (күміс медаль).
  • Жәнібек Нұрхамитұлы мен Нұрмұхамбет Лағылай — «Математика» санатында 2-орын (күміс медаль).
  • Әлихан Таңат, Мадина Ержанқызы және Нұрасыл Рысқұлбеков — «Математика» санатында 3-орын (қола медаль).

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық оқушы Испаниядағы білім бәйгесінде топ жарды

Еске салайық, былтыр Нидерланд елінде өткен білім жарысында отандасымыз топ жарып, жүлделі орынды иеленген болатын.

Өзгелердің жаңалығы