Қазақстандық мектептерде мамандық таңдауға баулитын маман енгізіледі

6 Сәуір 2022, 11:32
8232
Бөлісу:
Қазақстандық мектептерде мамандық таңдауға баулитын маман енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мектептерде 7-сыныптан бастап мамандық таңдауға баулитын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізілетінін айтты.

Ералы Тоғжанов айтуынша, Қазақстанда 129 мамандық жойылып барады, 95-і трансформациялануда, 239 жаңа мамандық пайда болып жатыр.

Осыған орай, халықаралық тәжірибеге сәйкес жұмысқа тұрудың тиімді жолы ретінде, Павлодар облысының 15 колледжі базасында Жаңа кәсіптер атласы әзірленіп, тәжірибеден өтті. Нәтижесінде кадрларға қажеттіліктің 17 өңірлік картасын әзірленіпқолданысқа енгізіледі, - дейді ол.

Сондай-ақ мектептерде 7-сыныптан бастап мамандық таңдауға баулитын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі. Бұл жұмыстарға депутат Саясат Нұрбек жетекшілік етеді.

Сонымен қатар колледждер жанынан студенттерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін 100 шағын кәсіпорындар құру іске асырылып жатыр. Осындай тәсіл сәтті іске асқан Ақтөбе қаласындағы Экономика, бизнес және құқық колледждің 188 студентінің 144-і оқуын оқи жүріп жұмысқа орналасты. Депутат Смирнова Ирина Владимировна бұл тәжірибені таратуға тікелей атсалысып жатыр, - деп толықтырды Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар алғаш рет жоғары оқу орындарында студенттердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін 100-ден аса Карьералық орталық құрылады.

Өзгелердің жаңалығы