Латвияның Рига қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IIA дивизионы бойынша жасөспірімдер әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирде екінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан шешуші матчта Латвия құрамасымен кездесті. Үшінші кезеңнің алдында бір шайба айырмасымен ұтылып жатқан қазақстандықтар есепті теңестіріп қана қоймай, алға шығып, 7:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің күміс медалін жеңіп алды.
Латвия – Қазақстан 4:7 (2:2, 2:1, 0:4)
Шайбалар:
0:1 – 1:31 – Зубкова (Пивень)
1:1 – 3:58 – Страузе (Глазниеце, Зелубовска)
1:2 – 6:42 – Зубкова (Крухольская) артық құрамдағы гол
2:2 – 12:45 – Стале (Зелубовска, Яковлева)
3:2 – 23:25 – Стале (Яковлева) кем құрамдағы гол
3:3 – 30:14 – Муравьева (Зубкова, Крухольская) артық құрамдағы гол
4:3 – 30:43 – Стале (Страузе)
4:4 – 41:59 – Емцева
4:5 – 47:17 – Крухольская
4:6 – 57:23 – Зубкова кем құрамдағы гол
4:7 – 58:51 – Зубкова кем құрамдағы және бос қақпаға соғылған гол
Қақпашылар: Казе – Агеева
Айта кетейік, турнирде бірінші орынды Ұлыбритания жеңіп алды, бұл оларға бір дивизион жоғары көтерілуге мүмкіндік берді. Ал Тайбэй дивизионнан шығып қалды.