Қазақстандық гений Ақназар Қажымұраттың өліміне не себеп болғаны анықталды

18 Тамыз 2022, 16:30
6966
Бөлісу:
Қазақстандық гений Ақназар Қажымұраттың өліміне не себеп болғаны анықталды

Гарвард студенті атанған қазақстандық гений Ақназар Қажымұраттың өліміне қатысты мән-жайлар жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы 2021 жылдың қараша айының басында денесі алматының бостандық ауданындағы қонақүйлердің бірінен табылған гарвардтық студент Ақназар Қажымұраттың жұмбақ өлімінің жай-жапсары туралы мәлімет берді.

Сот-медициналық сараптамасы Ақназар Қажымұраттың өлімі психотропты анальгетик — трамадолдан улану салдарынан болғанын көрсеткен. Оның денесінен зорлық-зомбылықпен белгілері табылмаған.

Мәйіт Vivaldi International қонақүйінің душ бөлмесіндегі еденнен табылды. Оқиға орнын тексеру кезінде ешқандай хат табылған жоқ, бірақ ішінде ұнтақ тәрізді заты бар пластикалық құты табылып, тәркіленді, - делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өкілдері атап өткендей, сот-химиялық сараптамасы «пластикалық құмырада табылған ұнтақты заттың құрамында Қазақстан Республикасында қадағалауға алынған есірткі құралдары, психотроптық заттар немесе олардың аналогтары болмағанын» көрсеткен.

Яғни, «белгісіз зат салынған құты» мәйіттің жанынан кездейсоқ табылған.

Іс бойынша тергеу көктемде, 2022 жылдың 30 наурызында жабылды.

Айта кетсек, Ақназар Қажымұрат есімі 2018 жылы танымал бола бастаған еді. Содан кейін ол Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқып жүріп, ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында мүмкін болатын ең жоғары балл – 36-дан 36 және 2400-ден 2400 көрсеткішке қол жеткізіп, бірегей рекорд орнатқан еді.

Осыдан кейін оған оқуын жалғастыру үшін әлемнің кез келген университетін таңдау құқығы берілді. Сол кезде бозбала Гарварду университетін таңдаған.

Жас жігіттің мәйіті қонақүй бөлмесінен табылмай тұрғанда туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары жас жігітті екі күн бойы іздеді. Оның 2021 жылдың 5 қарашасында қайтыс болғаны белгілі болды.

А. Қажымұрат мәйіті табылғаннан кейін ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Полициядағы дереккөздерден белгілі болғандай, қонақүйден оның мәйіті табылған кезде жанында түрлі дәрі-дәрмек салынған рюкзак жатқан.

Ақназар Қажымұрат отбасының тұңғышы болған. Одан бөлек, ата-анасының тағы екі ұлы бар. Әкесі барлық баласын жалғыз тәрбиелеген - ата-анасы ажырасқаннан кейін ұлдар әкесімен бірге қалған.

Ақназардың әкесі Арман Абдуллаханов – заңгер, шахматшы. Сондай-ақ грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Өзгелердің жаңалығы