Жаңа тағамдық қоспа өндіріске енді. Мамандандырылған емдік-профилактикалық тамақтану өнімдері спортшылар мен зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арналған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнімнің сынақ партиясы жақсы өндірістік тәжірибеге сәйкес салынған шағын зауытта шығарылды.
Жаңа тағамдық өнім жасушаларды зақымданудан қорғай отырып, тотығу стрессімен күресуге көмектеседі. Ол сондай-ақ жасқа байланысты аурулардың дамуын бәсеңдетуге және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен күресуге көмектесіп кісінің физикалық және психикалық өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Барлық өнімдер Қазақ тағамтану академиясында міндетті сараптамадан өтіп, арнайы диеталық өнім ретінде тіркелді. Жоба бойынша жұмыс әзірлеу, тестілеу және сертификаттау кезеңдерін қоса алғанда үш жылға жуық уақытты алды. Өз ұйымдастырған компанияның зертханасында қорытынды зерттеулер жүргізілген болатын , - деді жоба жетекшісі, NU NLA аға ғылыми қызметкері Серғазы Шыңғыс.
Ал, бірінші ғылыми зерттеулер Nazarbayev University жанындағы National Laboratory Astana зертханаларында басталған. Адамның қажеттіліктеріне байланысты «Hormesis Oxy» жалпы атауымен үш өнім сериясы әзірленді: кәсіби спортшыларға, ересек жастағы адамдарға және спортпен тұрақты емес айналысатындарға арналған. Болашақта халықаралық нарыққа шығу арқылы өндіріс пен өнім түрлерін кеңейту жоспарлануда.
Өнімдерде полифенолдардың бірегей қоспасы – негізінен өсімдік тектес биологиялық белсенді қосылыстар, гель түзуші агенттер, сондай-ақ адаптагендер мен актопротекторлардың шөп сығындылары бар. Біз тәттілендіргіштер мен калориялық толтырғыштарды алмастыратын пребиотикалық және диеталық талшық болып табылатын полидекстрозаны қолданамыз, бұл біздің өнімдерді қант диабетімен ауыратын адамдарға жарамды етеді, - деді формуланы тапқан ғалым.