Қазақстандық ғалымдар соңғы 2 жылда 320 миллион теңгеден астам табыс тапты

24 Желтоқсан 2021, 12:55
1225
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар соңғы 2 жылда 320 миллион теңгеден астам табыс тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы екі жылда қазақстандық ғалымдардың 100-ге жуық ғылыми жобасы Ғылым қорының қолдауымен коммерцияландырылды. 70-тен астам ғалым бизнестегі үлестері мен роялтиден (лицензиялық сыйақы түрі) кіріс алады. Бүгінгі таңда ғалымдар өздерінің ғылыми әзірлемелерін пайдаланғаны үшін 320 миллион теңгеден астам пайда тапты.

ҚР БҒМ Ғылым Қоры жүзеге асыратын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламасының нәтижесінде ғылыми ұйымдар мен ғалымдар өздерінің ғылыми жобаларын іске асыруға, сонымен бірге жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік алды. Осылайша, ғылыми орталықтардың қаржылық тәуелсіздігі артты. Көптеген ғалымдар еңбек жолын белгілі бір мәселелерге арнап, оны жақсы түсініп, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін тұрақты бизнеске жеткізуге тырысады. Біз ғалымдарға олардың әзірлемлерін коммерцияландыруға көмектестік және қазір олар өз жобаларын жүзеге асырудан тұрақты пайда табуда. Бүгінгі таңда 79 ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындары жаңа өндірістердің тең құрылтайшылары болып табылады, – деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым Қоры Басқармасының Төрағасы Арын Орсариев.

Мысалы, «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Маңғыстаудың құрғақ жағдайында көшет өсіру технологиясын әзірледі. Ғалымдар тұзды топыраққа, құрғақ климатқа және құнарлылықтың төмен деңгейіне төтеп бере отырып, тамырын бекем ұстайтын жабық тамыр жүйесі бар ағаш өсімдіктерін контейнерлік өсіруді ұсынды. Ғылым қорының қолдауымен көшеттерді өсіру және сату бойынша кәсіпорын құрылды, ол толығымен ҒЗИ-ға тиесілі. Осы жылдың өзінде Маңғыстау ботаникалық бағы 130 млн-нан астам ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Осы қаражатқа институт жаңа зертханалар салды және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтарды жаңартты.

Қазақстандық ғалымдар соңғы 2 жылда 320 миллион теңгеден астам табыс тапты

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Саяхат Нүкешевтің командасы минералды тыңайтқыштарды саралап енгізуге арналған техникалық құралдар өндірісін ұйымдастырды. Тракторға арналған тіркеме жерді қопсытады және тыңайтқыш енгізеді. Осындай машина жасау технологиясының нәтижесінде фермерлер аз күш жұмсайды және отынды үнемдейді. Отандық өндірістің техникалық құралдарының бағасы әлемдік аналогтардан әлдеқайда төмен. Ғалымдар тобы қазірдің өзінде 40 млн теңге табыс тапты.

Сондай-ақ кейбір ғалымдар роялтиді олардың әзірлемелерін өндіріске енгізуден алады. Мәселен, медицина ғылымдарының докторы Алмагүл Кушугулова Назарбаев университетінің ғалымдар тобымен бірге «НӘР» йогурт сусынын жасады. Сусынның құрамында 1 триллион тірі пайдалы бактериялар бар, бұл қазір нарықтағы дәстүрлі өнімдерге қарағанда 100 есе көп. Сусынның құрамында айран, шұбат және қымыздан алынған пробиотиктер бар. Ғалымдар «Агрофирма Родина» ЖШС-мен зияткерлік меншікті пайдалануға шарт жасасты. Шартқа сәйкес зерттеушілер сатудан 10% мөлшерінде роялти алады. Бүгінгі таңда сату көлемі 120 млн теңгеден асты.

Өзгелердің жаңалығы