Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық футболшының қазасы: ҚФФ түсініктеме берді

4 Қараша 2025, 15:01
456
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория футболшы Диас Төлеудің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – біз үшін үлкен қайғы. Себебі ол бала толықтай сау, өзін жақсы сезініп жүрген. Оны зембілмен алып шыққан сәтті көрдіңіздер, ол есін біліп жатқан. Иә, өзін нашар сезінді. Өкінішке қарай, әлемде осындай жағдайлар жиілеп кетті. Дегенмен бұл жігіттер толық әрі терең медициналық тексеруден өтеді, бәрі дені сау балалар. Неліктен бұлай болып жатыр, соны анықтау керек, – деді Лория Үкіметтің кулуарында.

Еске сала кетейік, "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу 16 қазанда көз жұмды. Ол бұл клубта екі маусым өнер көрсетті. Командаға "Қайраттан" ауысып келген, сол клубтың тәрбиеленушісі болған.

Сондай-ақ, бұған дейін ақтөбелік жас футболшы Арон Мұса қайтыс болды

Өзгелердің жаңалығы