Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық футболшы жол апатынан қаза тапты

24 Қыркүйек 2025, 11:22
781
Бөлісу:
 jenisfk.kz
Фото: jenisfk.kz

Футболшы Виктория Кайсаринова Павлодар – Астана тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Жеңіс" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клуб өкілдері Виктория Кайсаринованың отбасына және жақындарына ауыр қайғыға байланысты көңіл айтты.

Бүгін Павлодар – Астана тас жолында болған апат салдарынан біздің футболшымыз Виктория Кайсаринова қаза тапты. Жүргізуші жолдағы қауіпсіздікті сақтамай, арақашықтықты дұрыс бақыламағандықтан, жүк көлігімен соқтығысқан. Бұл оқиғаға әлі де сену қиын. Бұл – бүкіл клуб үшін ауыр әрі орны толмас қаза. Виктория жарқын спортшы, нағыз дос еді. Біз оның отбасымен, туған-туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол әрқашан жүрегімізде қалады», – делінген клубтың ресми хабарламасында.

Бұған дейін Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапқаны жайында жазып едік.

Өзгелердің жаңалығы