Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?

7 Шілде 2022, 13:22
2959
Бөлісу:
Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлытаудан жаяу шығып, елімізді жаяу шарлап жүрген 72 жастағы жиһанкез  Сәрсенбай Оспанұлы елордаға жетті.

Сәрсенбай Қотырашев бір күнде 40 км жол жүреді. Ұлытаудан таңертең шығып, Жезқазғанға бір түнде жеткен. Қазақстанның әр аймағының ерекшелігі мен қиындығын еңсеріп келе жатыр.  Әрбір өңірге келген сайын жергілікті тұрғындар мен өңір әкімдіктері қонақжайлықпен қарсы алады.

Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?

72 жастағы саяхатшы 8 мың шақырым жолды бағындыруды көздеп отыр. Бүгін елордаға келіп, жолының тең жартысын аяқтады. Сәрсенбай Оспанұлының ендігі бағыты Нұр-Сұлтан - Көкшетау - Петропавл - Қостанай - Ақтөбе - Орал - Атырау - Бейнеу - Ақтау бағыты арқылы өрбиді.

Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?

Бәрі қалай басталды?

Сәрсенбай Қотырашевтың жаяу жүруіне бірден бір себеп болған  «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы.  Бас қор сақтаушысы Баян Шайгөзова 70-тен асқан ақсақалдың сапарға шығуына не түрткі болғанын айтып берді.

Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?

2013-2017 жылдары біздің қорда архитиктура бөлімі болды. Біз өңірдегі ескерткіштерді қалпына келтірумен айналыстық. Ол кезде Сәрсенбай ағамыз мекеме жұмысшысы болды. Сәрсенбай ағамыз, ұста әрі қолынан келмейтін ісі жоқ шебер,  қалпына келтіру жұмыстарында аянбай еңбек етті. Ол «Талмас ата» кесенесі, «Жошы хан» маңайындағы ескерткіштерін және «Теректі әулие»  кесенелерін қалпына келтірді. Сонымен бірге орта ғасырдағы бой көтерген құндылықтардың жаңалануына сеп болды. Ұлытауда Терісаққан деген жерге мешіт салды. Бұл кісінің қолынан келмейтін дүние жоқ. Біздің музейдің экспозициялық жұмыстары мен  тарихи ескерткіштеріміздің айналасына өз қолымен қоршау салып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Музейде 8 жыл жұмыс істеді. Сол 8 жылдың ішінде 80 жылдың еңбегін жасады десем қателеспеймін, – деп баяндады Баян Шайгөзова.

Елді жаяу аралауына не түрткі болды?

Алланың берген қуатының арқасында, халқымның қолдауының арқасында күннен күнге ширап келем. Ұлытаудан Нұр-Сұлтанға дейін 4 мың шақырым жол жүріп өттім.  Үш мақсатпен сапарға шықтым. Біріншісі, Ұлытау өңірінің тарихын қазақ тарихында ерекше орын алатындығын халыққа насихаттау. Екінші мақсатым, қолөнер шеберлерінің тізімін түгендеп, толықтырып, ЮНЕСКО-ға өткізу. Үшінші көздегенім қазақтың ұмтылып кеткен ұлттық мейрамы «қымыз мейрамын» елге дәріптеу, - деді саяхатшы.

Сапардың атауы «Ұлытауға бардың ба?» 

Сәрсенбей ағай, отанын қатты сүйетін адам. Осыдан 7 жыл бұрын елімізді жаяу аралауды армандаған еді. Және ақсақалды Ұлытаудың тарихы қатты қызықтырады.  Киелі, қасиетті  Ұлытау өңіріне өз септігімді тигізіп, елімізге насихаттасам екен деген арманы болды. Жиһангез атамыздың мақсаты біріншіден, әрине, спортпен шұғылдану, өсіп келе жатқан жастарға өнеге көрсету. Екіншіден, тарихи өлке Ұлытау тарихын барынша насихаттау.  Және өзі шебер болғандықтан елдің әр өңірінен қолөнершілердің  тізімдерін жасап, оларды ЮНЕСКО-ға өткізу. Үшіншіден, ұмыт болған «Қымыз» мейрамын жаңғырту, - деді «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының бас қор сақтаушысы.

Жолдағы қиындықтар

Бейнетсіз еңбек болмайды, әрине. Келе жатқанда арбап сынып қалып, дөңгелегім жарылып қалған кездер болды. Оның үстіне аяқ киім тез тозады екен. Тамақ пен судан қиналған емеспін. Біздің халқымыз дархан ғой. Жолда кетіп бара жатқан кезде суың бар ма? азығың бар ма? деп сұрап, айтқызбай салып береді. Көбін қайтарып берем, – деді Сәрсенбай Қотырашев.

Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?

«Қымыз» мейрамы туралы

Дүниежүзінде жылқыны ең алғашқы рет үйреткен қазақ. Сол қолға үйреткеннен қымыз ашытып, қымыз ішіп, біздің жыл санауымыз бойынша 5 мың жыл бұрын қымыз мейрамы пайда болған. Бұл айтулы күнді Қазан революциясына дейін тойлап келген. Одан кейін ұмыт болған. Қазір оны ешкім біле қоймайды. Басты мақсат – оны айтулы мерекелер қатарына қосу, – деді Сәрсенбай Оспанұлы.

"Барлық елді аралап болған соң нені армандайсыз?" деген сауалға жауабы

Алла қуат берсе, Меккеге жаяу барсам деймін. Одан әрі Алла қуат берсе, жер шарын аралап шығу ойда бар. Халқымның бар екенін дүние жүзіне танытсам екен, – деді ол.

Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?
Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?

Жастарға кеңес

Жастарға  шетелдің ішімдіктері мен сусындарын ішпеңдер дегім келеді. Олардың пайдасынан көрі зияны көп. Іші толған бояу әрі денсаулыққа тигізетін зиянын білмейміз. Білсек, жиіркенер едік. Одан да ұлттық тағам жеңдер, қымыз ішіңдер, – деді жиһанкез.

Өзгелердің жаңалығы