Қазақстандық фермерлер 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды

22 Маусым 2024, 11:39
199
Бөлісу:
Қазақстандық фермерлер 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды
Фото: gov.kz

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 бағыт бойынша шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда 270 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тіркелген, олардың 18 мыңнан астамы ірі заңды тұлғалар, қалғандары шағын және орта шаруа қожалықтары.

Бүгінгі таңда мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде 90 мың белсенді пайдаланушы тіркелген.

Мемлекеттік жүйенің іске қосылуы шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 19%-дан 32,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта шаруа қожалықтары арасында мемлекеттік қолдау алушылардың саны артып, мақұлданған өтініштердің 25 пайызы ғана ірі заңды тұлғалардан келеді.

Жүйе сонымен қатар астықты сақтау, жинау және кептіру үшін арзандатылған дизель отынын үлестіру қызметін ұсынады. Дизель отынының қалдықтарын бөлу, жылжыту және есепке алудың барлық процестері автоматтандырылған.

Бүгінгі таңда барлық өңірлерден 45 590 өтінім беріліп, 114,7 млрд теңгеге 20 739 өтінім мақұлданды. Қалған өтініштерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары қарауда.

Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайтуға және сапасын арттыруға көмектесетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу үдерісіне белсенді түрде қатысқанын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы