Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады

Азия чемпионаты Жапонияның Киото қаласында өтті.

 Ұлттық олимпиада комитеті 8 Тамыз 2026, 03:42
8 Тамыз 2026, 03:42
132
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Жапонияның Киото қаласында ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт алтын медальмен қорытындылады.

Кирилл Тубаев байдаркамен ескек есуден 10 шақырымдық жарыста топ жарып, алтын медаль иеленді. Ал Полат Төребеков каноэмен ескек есуден 10 шақырымдық қашықтықта мәреге бірінші болып жетті.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар 3400 метрлік жарыстарда да үздік нәтиже көрсеткен болатын. Кирилл Тубаев байдаркамен, ал Полат Төребеков каноэмен ескек есуден алтын медаль жеңіп алған.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Жапониядағы Азия чемпионатында төрт алтын медаль еншіледі.

Наверх