Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында өз үйінде заңсыз түрде алкоголь өндіретін жасырын цех ұйымдастырған тұрғынның әрекетін тоқтатты.
Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.