Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күнінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер сынға түсті. Олардың арасынан қазақстандық екі балуан финалға жолдама алды.
Ел құраасынан Саят Әбдуали (44 келі) ирандық Кейван Аршадгасабсарайдан, Бекасыл Асамбек (52 келі) жапондық Тайга Хибаринодан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ Ералы Әскербек (48 келі) пен Нұрислам Шалқаров (85 келі) қола жүлде алды.
Енді 15 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасында грек-рим күресінен шығып, 55, 63, 77, 87 және 130 келіде жүлделер сарапқа салынады.