Қазақстандық домбырашылар дуэті АҚШ-та өткен байқауда жеңімпаз атанды

Қазақстандық домбырашылар дуэті АҚШ-та өткен байқауда жеңімпаз атанды
628

Қазақстандық домбырашылар дуэті Темірлан мен Ернат АҚШ-та өткен Голливудтағы халықаралық байқауда "Аспапты музыка" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар шетелде танымал, сондықтан шақыру жіберген. Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз 2017 жылы Қытайда өткен "I'm a Singer" байқауында Димаш Құдайбергенмен бірлесіп өнер көрсеткен. Олар Испанияда (Music Box International Contest) және Ұлыбританияда (Golden Time Talent) халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған.

Америкалық конкурс онлайн режимінде өтті. Әлемнің 36 елінен келген өнерпаздар өздерінің музыкалық шеберліктерін көрсетті. Темірлан мен Ернат алғашқы турда Никколо Паганинидің өз авторлық бейімдеуінде "Каприс №24"  музыкасын орындады. Олар финалда Майкл Джексонның They Don't Care About Us әнін домбырады ойнап, оған Алматыда бейнебаян түсіріді.

Достар! Тағы бір жеңіс. Америкада өткен “Hollywood international competition” біздің жұмысымыз Бас жүлдеге ие болды! Әлемде соғыс болмасын, - деп жазды Темірлан әлеуметтік парақшасына.

Айта кетейік, Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз 2017 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде дуэт құрып, сол жерде танысқан. Темірлан павлодарлық, ал Ернат жезқазғандық. Олар Нұр-Сұлтанда көптен бері тұрады.

Темірлан мен Ернат Токио Олимпиадасында Қазақстанның мәдени елшілері болды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы