22-28 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған делегация Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының жұмысына қатысады.
Сапар аясында ҚР сыртқы саяси ведомствосы басшысының «Болашақ саммитінде» және БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының жалпы пікірталастарында сөз сөйлеуі жоспарлануда. Оған қоса қазақстандық делегация экономика, сауда, қаржы, қоршаған орта, денсаулық сақтау, өңірлік қауіпсіздік және т.б. салалардағы БҰҰ Бас Ассамблеясының тақырыптық іс-шараларына қатысуды жоспарлап отыр.
Бас Ассамблея аясында ТМҰ, ЭЫҰ, ЭЫҰ-АСЕАН, ҰҚШҰ, «С5+1» диалогы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесулері, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының (LLDC) жыл сайынғы министрлік кездесуі өтеді.
Сонымен қатар Министр М.Нұртілеу басқа елдерден келген әріптестерімен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.