Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ СІМК-тің 29-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Польшаның Лодзь қаласында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 29-шы отырысына қатысу және еуроатлантикалық пен еуразиялық кеңістіктегі сын-қатерлер мен проблемаларды ұйымдастыру үшін өзекті мәселелерді талқылауға жиналды.
Отырыс барысында ағымдағы жылғы Ұйым қызметінің қорытындылары, өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, қарулы қақтығыстардың алдын алу және шешу, радикалдануға, экстремизмге және трансұлттық қатерлерге қарсы күрес, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелер талқыланды.
Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды. Отырысқа қатысушыларға жолдауында ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанды» құруға жариялаған бағыты шеңберінде еліміздегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтты. ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 мемлекеттің Сыртқы істер министрлерінің назары еліміздегі жуырдағы президенттік сайлаудың қорытындыларына аударылды, олар қазақстандықтардың көпшілігінің Мемлекет басшысының қайта құру бағытына сенімді қолдау көрсетті.
М. Тілеуберді бұдан әрі ұйымның барлық үш өлшеміне қатысты мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымы мен көзқарасын баяндап, инклюзивті диалогты жалғастырудың және жанжалды жағдайларды бірлесіп ден қою және алдын алу үшін ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің үйлестірілген іс-қимылдарын жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Осы тұрғыда ЕҚЫҰ кеңістігіндегі келіспеушіліктер дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс екендігі атап өтілді.
ҚР СІМ басшысы Хельсинки қорытынды актісінің, Париж хартиясының және Астана декларациясының рухына сәйкес Еуро-Атлантика мен Еуразиядағы сенімді қалпына келтіру аса маңызды екенін атап өтіп, қазіргі қиын-қыстау кезеңдерде елдер «қабырғалар мен траншеяларды емес, жолдар мен көпірлер салуы» тиіс екенін атап өтті.
Қазақстан 1992 жылы ЕҚЫҰ мүшесі болды. 2010 жылы ҚР ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, сол жылдың желтоқсан айында «Астана мерейтойлық декларациясы: қауіпсіздік қоғамдастығына қарай» құжатын қабылдаумен аяқталған Ұйымның Саммитін өткізді.