Қазақстандық боксшы қыздар Бакудегі турнирде тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирінде 9 медаль жеңіп алды.

 instagram.com/boxingkazakhstan 16 Сәуір 2025 2025, 01:26
16 Сәуір 2025 2025, 01:26
1200
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстанның әйелдер құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирінде 9 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Турнир қорытындысы бойынша:

  • Алтын медаль – Елена Базарова (54 келі), Виктория Байдукова (57 келі)
  • Күміс медаль – Анжа Сәдуақасова (52 келі)
  • Қола медаль – Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Элянур Тұрғанова (50 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Азиза Исина (70 келі), Дина Исламбекова (81 келіден жоғары)

Жарыс 15 сәуірде аяқталды. Қазақстандық спортшылардың бұл нәтижесі – елдегі әйелдер боксының қарқынды дамуының тағы бір айғағы.

Наверх