Қазақстандық белгілі журналист, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің, "Құрмет" орденінің иегері Айгүл Аханбайқызы өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айгүл Аханбайқызы өз өмірін ұлттық журналистиканы дамытуға арнады. Ақпарат кеңістігінде айқын із қалдырған қаламгер студенттік шағынан бастап-ақ баспасөз саласында еңбек етіп, республикалық жетекші басылымдарда қалам тербеді. «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» секілді газеттерде жауапты қызметтер атқарып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді. Өмірден озғанына қарамастан, Айгүл Аханбайқызының жарқын бейнесі, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын, - деді Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның жақындарына көңіл айта отырып.
BAQ.KZ редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады