Бұл туралы Чарльз Маклин «M.Narikbayev Public lecture» жоба аясындағы кезекті дәрісте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен Қазақстанда бірнеше жылдай тұрдым. 2014 жылы болған кезіммен салыстырғанда Қазақстанда өзгеріс көп, саясатта да, үкіметте де. Бүгінгі лекциям қазіргі болып жатқан өзекті мәселелерді халыққа қалай жеткізу керек, оған қандай құралдарды пайдалану керек туралы тақырыбында өтпек.. Әрине, мұның маңызы өте зор. Мемлекетке саяси бағдарламалар мен стратегияларды құруға бұл өте қажет.Халық пен мемлекет арасында дұрыс ақпарат жеткізудің бірден- бір құралы БАҚ құралдары,әлеуметтік желілерді ұмытпау керек. Айта кетейін, дұрыс бағдар беру дегенде пропагандамен шатастырмау керек, ол тек дұрыс түсінік қалыптасу процесіне ғана көмектеседі,- деді ол.
Сондай-ақ өз сөзінде Қазақстанда болған жылдарына тоқталып өтті.
Телеарнада жұмыс істеген кезімді есіме алсам, оның қазіргі жүріп жатқан жолы және қандай өзгерістер орын алып жатқаны ұнайды. Ал ол кездегі БАҚ мен үкімет арасындағы байланысты айтсам,мүлдем басқаша болды, ал қазіргі халықтың теледидарға деген көзқарасы және онда көрсетілетін контентке деген көзқарасы түбегейлі өзгерген, яғни БАҚ саласы бұрынғыдай емес жаңа прогрессивті коммуникация құралына айналды. Маған халықтың бұл прогресті қабылдауы, трендтерге бейімделуі ұнайды,- деді сарапшы.