Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық банктердегі депозиттер 48 трлн теңгеге жетті

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/ Мади Искаков
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Мади Искаков

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі депозиттер көлемі 48 трлн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда – 41,28 трлн теңгеге, яғни 16% артық. Бұл туралы Ұлттық банктің статистикасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желтоқсан айында депозиттер көлемі бірден 3,5 трлн теңгеге немесе 8%-ға өсті, бұл 2025 жылғы ең жоғары айлық өсім болды.

Аталмыш соманың 26,1 трлн теңгесі жеке тұлғалардың депозитінде, 21,8 трлн теңгесі заңды тұлғалардың депозиттінде сақталады. Халықтың салымдары желтоқсан айында 1,5 трлн теңгеге (+6,2%), бизнестікі – 2 трлн теңгеге (+10%) өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 37,8 трлн теңгені құрады, бұл қараша айының қорытындысы бойынша 2,7 трлн теңгеге немесе 7,8% артық. Шетел валютасында 10,1 трлн теңге (+819 млрд теңге немесе 8,7%) баламасында қаражат орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы