Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық балуандар Түркияда топ жарды

29 Маусым 2025, 12:10
504
Бөлісу:
 Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстандық балуандар Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде біздің 3 спортшымыз жүлделі болды.

Тұғыр сатысына көтерілгендер:

  • Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын
  • Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын
  • Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын

Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.

Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

Өзгелердің жаңалығы