Jazzdauren лақап атымен өнер көрсететін әйгілі әнші Жандәурен Абылаевтың басы дауға қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Дарите женщинам цветы" және "Песни на кассете" хит әндерінің орындаушысына Латвияға кіруге тыйым салынған.
Латвияның СІМ басшысы Байба Браже Абылаевты елге кіруге тыйым салынған тұлғалардың тізіміне қосқан.
Мен Жандәурен Абылаевқа иммиграция туралы заңның 61-бап 2-бөлімін негізге ала отырып, Латвия Республикасының қара тізіміне енгізуге және Латвия Республикасына белгісіз мерзімге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдадым, - деп жазды Браже Х әлеуметтік желісінде.